Алматыда қызылшаға жұқтырған балалар көбейді
Алматыда қызылшаға шалдыққан балалар көбейіп барады. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған бүлдіршіндер. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің брифингінде белгілі болды. Мамандар бүгінде қызылшаның 482 жағдайы тіркелгенін айтады. Оның 451-і 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың басым бөлігі вакцина алмағандықтан, инфекцияның таралу қаупі сейілмей тұр. Осыған байланысты мектептер мен балабақшаларда медициналық бақылау күшейтіліп, ауру белгілері байқалған балалар бірден мамандарға жіберілуде. Дәрігерлер қызылша жұқтыру қаупі, әсіресе 4 жасқа дейінгі балалар арасында жоғары екенін айтады. Сондықтан дер кезінде екпе алу маңызды екенін ескертеді.
Қасымхан Алпысбайұлы, Алматы қаласының бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері:
Мәселенің негізгі шешімі - бұл екпе алуымыз қажет. Қазір қосымша күнтізбелік тізімге байланысты әр емханада жоспарларына өзгерістер енгізілді. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл екпеден қорқудың қажеті жоқ. Бұл – сапалы екпелер. Сондықтан бұл екпелерді алуымыз қажет.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16