Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
Еліміздегі ірі алтын өндіруші компания соңғы технологиямен жабдықталып, өнім көлемін ұлғайтты. Осылайша «Алтыналмас» кәсіпорнының Қарағанды облысындағы кен орындары жылына 6 млн тоннаға жуық кен өңдей бастады. Одан 4 тоннаға жуық дайын өнім шығады. Өндірілген алтын Ұлттық банкке өткізіледі. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан әріптесім Нұрдәулет Сыздықтың материалы.
Мамандар кен орнында техникалық жарылғыш заттарды орналастырып, бағалы шикізатты өндіруге кірісті. Өндіріс аймағындағы екі кен орнында да жұмыс осылай жүргізіледі. Бұл нысандарда 300-ге жуық адам еңбек етіп жүр. Олар күн сайын 300 метрден астам тереңдіктен 85 мың тонна кен алады. Оның шамамен 5 пайызы – бағалы металл.
Ұласхан Қосжанов, бас инженер:
Барлық тасымал жұмыстары, өндіріс жұмыстары толықтай цифрландырылған. Сол құрылғының арқасында біздер толықтай карьердегі өндіріс жұмыстарын қазіргі уақытта бақылап отырамыз.Алқаптан жиналған алтын кені ұнтақтау, тазалау және балқыту кезеңдерінен өтеді. Осылайша 999 сынамалы алтын қорытпасы құйылады.
Тілек Шәпиев, зауыт басшысы:
3 күнде бір рет шығарып отырамыз. Құйманың салмағы 15 килограмнан 20 килограмға дейін болады. Әртүрлі салмақпен. Осымен бізде өндіріс бітеді.Қазір кен аймағын ұлғайту жұмыстары қызған. 15 шақырымнан астам жерасты қазбалары жүргізіліп, кенді жер бетіне шығаратын конвейер желілері салынып жатыр. Бұл алтын алқаптарында 2030 жылдан бастап жылына 2 млн тонна өнім шығару көзделген.
Айдын Дарханұлы, тау-кен байыту кешенінің директоры:
Біз жеті 90 тонналық жүк көлігін сатып алып жатырмыз. Қазіргі уақытта 3-уі келді. Бұлар бізге ары қарай өнімділігімізді арттыру үшін көп септігін тигізеді.«Алтыналмас» компаниясы әлеуметтік жобаларда да белсенді. Мәселен, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға 2024 жылы 4 млрд теңгеден астам қаржы құйған. Ал 2027 жылға дейін бұл қаражатты тағы 28 млрд теңгеге жеткізуді көздеп отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40
Жаңа Конституция – болашаққа бағдар
17.02.2026, 20:21