Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция – болашаққа бағдар

Жаңа Конституция – болашаққа бағдар

Жаңа Конституция жобасының преамбуласында еліміздің ең басты ұлттық құндылықтары нақты көрініс тапқан. Бұл Қазақстанның мыңдаған жылдық тарихқа мұрагер екенін білдіреді. Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен жиында сарапшылар осылай деді. Ал Конституциялық комиссия жұмысының ашық жүргізілуі және азаматтардың цифрлық платформалар арқылы ұсыныс беруі қоғам мен билік арасындағы сенімді диалогты күшейткен. Сондықтан Бас құжаттың жобасын мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің жемісі десек болады. Сарапшылардың пікірінше, Ата Заңды жаңарту – заң мәтінін түзетумен шектелмей, қоғамның жаңа сұраныстарына жауап беруге бағытталған маңызды қадам. Мазмұны адамға бағдарланған Консититуция қоғамдағы әділдік пен тәртіпті нығайтып, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашады. 

Зұлфұхар Ғайыпов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры:

Жаңа Конституцияның негізгі ерекшелігі неде дегенге келетін болсақ, мұның таза ана тілімізде жазылуы. Тағы да ерекше айта кететін нәрсе, 4-баптағы Қазақстан Республикасында биліктің қайнар көзі халықта деген бұрын ұғым болатын. Соған және Егемендіктің иесі халық деп жаздық. Бұл осы Ата заңымыздың иесі де осы халық деген ұғымды білдіреді.


Бөлісу