Басты Жаңалықтар Коалиция мүшелері Шымкент тұрғындарымен кездесті

Коалиция мүшелері Шымкент тұрғындарымен кездесті

«Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы Шымкент қаласында болды. Ерлан Қошанов бастаған делегация Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ғалымдармен, оқытушылармен және студенттермен кездесті. Басқосуға 300-дей адам қатысты. Коалция жетекшісі Бас құжаттың жобасында ел дамуының іргетасын қалайтын негізгі құндылықтар айқындалғанын атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы,  Жалпыұлттық коалиция жетекшісі:

Біз енді биік мұратқа бастайтын үлкен жолға тағы да аттанып бара жатырмыз. Алдымызда ауқымды іргелі істер тұр. Оған біз қашан, қалай жетеміз? Біз тек Әділет салтанат құрған кезде ғана жетеміз. Заң мен тәртіп үстемдік құрған кезде ғана жетеміз. Жастарымыз білім мен ғылымның, технологияның тілін толық игерсе ғана жетеміз. Оған мың жылдық тарихымызбен, төл мәдениетімізбен жетеміз. Осының барлығы жаңа Конституцияда тайға таңба басқандай көрініс тауып отыр.  

Коалиция мүшелері сапар аясында бірнеше еңбек ұжымымен, мәдениет және спорт саласының өкілдерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мән-маңызын түсіндірді. Көпшілік пікірінше, бұл құжат әр азаматқа тең мүмкіндік беретін, әділетті және заманауи қоғам қалыптастыруға берік негіз қалап отыр.

Ақжол Қалшабек, абайтанушы:

Қоғамдағы негізгі мәселенің бірі саяси мәдениеттің қалыптасуы. Міне, осы жолда өте қажеттілік бар. Жаңа өзгерістерді Парламентте арнайы процедурамен емес, халықтың өзі талқылап, өз пікірін білдіріп жатыр. Сондықтан біз осы жағдайды қолдаймыз. Бұл солай болуs керек. Әр азамат ой-пікірін білдіріп, өзінің осы қоғамдағы кез келген өзгеріске үлес қоса алатын болуы керек.  




Бөлісу