XXV қысқы Олимпиадаға шолу
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының бүгін кезекті жарыс күні басталды. Жалпы есеп бойынша әзірге Норвегия көш бастап тұр. Одан кейін Италия және АҚШ үштікті түйіндейді. Ал бүгін біздің құрамадан кімдер жарыс жолына шығатынын Миланнан тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Азамат Бейбітұлы айтады.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады. Әуелі шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров үлкен тұғырдан серу бағдарламасы мен 10 шақырымдық жарысқа қатысты. Отандасымыз әзірге қорытынды есепте 35-орында тұр. Бұл іріктеудің нәтижесі. Енді кешкі 17:45-те осы спорт түрінен жүлдегерлер белгілі болады.
Фристайл-акробатикадан әйелдер арасында іріктеуі Қазақстан уақытымен 14:45-те бастауы керек еді. Өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығы мен толассыз жауған қар салдарынан жарыс уақыты қайта-қайта кейінгі кешегіріліп жатыр. Бұл сында Аяна Жолдасқа сенім артамыз. Осы сайыс аяқталған соң ерлер де іріктеуге қатысады. Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов және Роман Иванов сайысқа түседі. Ал конькимен жүгіру жарысынан Қазақстан құрамасы жарыс жолына шығуы керек болған. Белгісіз себептерге байланысты жарыс болмайтын болды. Сондай-ақ түнгі 11-ге таяу мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада Софья Самоделкина өнер көрсетеді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы