Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
Семейде Құрылтай депутаттары жастармен кездесіп, ел дамуының өзекті бағыттарын талқылады. Кездесуде білім беру саласындағы мәселелер де көтерілді. Депутаттар мұғалімдердің мәртебесін арттырумен қатар, олардың еңбек жағдайын жақсарту қажеттігін айтты. «Педагог мәртебесі туралы» заңға қарамастан, мектептерде қағазбастылық пен ұстаздарды өз міндетіне қатысы жоқ жұмыстарға тарту мәселесі әлі кездеседі. Сондықтан ағартушылардың құқығын қорғау тетіктерін жетілдіру маңызды.Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету де назардан тыс қалмады.
Нұртай Сабильянов, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Жалпы жолдауда инфрақұрылыммен қатар экономиканы дамыту қарастырылып отыр. Сондықтан да бұл жастарға үлкен мүмкіндік және технологиялар енгізіледі. Жұмыс орындары ашылады және де жастар өзінің жұмыс істеуіне, ары қарай да кәсіпкерлікпен айналысуына, ғылыммен… жаңағы жұмыспен айналысуына мүмкіндік туады.
Депутаттар арнайы орталықтардың санын көбейтіп, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл балалардың білім алуына, дамуына және қоғамға бейімделуіне жағдай жасайды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Цемент зауытындағы кездесуде елдегі ауқымды құрылыс жобалары мен энергетика саласының мүмкіндіктері талқыланды. Қазір елімізде жалпы қуаты 13,3 гигаватт болатын жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу жоспарланған. Олардың қатарында Курчатов пен Семейдегі жылу электр орталықтары бар.
Дархан Жақыпбаев, Ұнтақтау цехының маманы:
2027 жылы Мемлекет басшымыздың жалпы халықтық құрылыс жылы дегені, ол біздің кәсіпорын үшін өте маңызды деп есептеймін. Өйткені Семей құрылыстың ортасы деп саналады. Сондықтан да бізге өте кәсіпорын үшін тиімді болады. Кәсіпорынның елге қосар, еліміздің құрылыс саласына қажетті өніммен қамтамасыз ету үлесі зор.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы