Басты Жаңалықтар ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды

Сондай-ақ Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында Жолдаудағы міндеттерді іске асыру, өңір экономикасын дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі талқыланды. Глубокое ауданының тұрғындары елді мекендердегі медициналық пункттердің тапшылығы мәселесін көтерді. Құрылтай депутаттары алдағы үш жылда инфрақұрылымды дамытуға 6,5 триллион теңге бөлініп, денсаулық сақтау саласында 70 нысан салу жоспарланғанын атап өтті. Ал Риддер қаласында коммуналдық қызмет сапасы сөз болды. Тұрғындар жылумен қамту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.

Айбат Бұтабаев, Глубокое ауданының тұрғыны:

Шалғай жатқан ауылдардан бастап үлкен қалаларға дейін бүкіл инфрақұрылымды жаңарту, жолдарды жөндеу, яғни қаншама қаражат осы халықтың әл-ауқатын жақсартқанға жұмсалғалы отыр.

Ерлан Сайыр, ҚР Құрылтайының депутаты:

Біздің азаматтарымыз ауылдағы медициналық орталықтардың жаңғырту және қайтадан салу мәселесін көтерді. Менің ойымша келер жылы жаппай құрылыс жылының аясында бұл мәселелердің барлығы шешілуі керек.

Бөлісу