Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
Технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады
Әлемнің қор нарықтарында жоғары технологиялық компаниялардың акциялары құлдырады. Олар триллиондаған доллар жоғалтқан. Инвесторлар сайлауда жеңіске жеткен демократтар жасанды интеллектке бақылауды күшейтіп, оның дамуын тежейді деп алаңдайды.
Хуситтер Сауд Арабиясынан 51 млрд доллар талап етті
Хуситтер Сауд Арабиясынан атысты тоқтату үшін 51 млрд доллар өтемақы талап етті. Бұған қоса шииттік көтерілісшілер өздерін Йеменнің заңды билігі ретінде тануды сұрады. Ал мұның алдында әр-Рияд хуситтерге қақтығысты тоқтату шарттарын талқылауды ұсынған еді.
Хакерлер банктен 100 млн еуро ұрлады
Францияның Credit Mutuel Arkea банкіне кибершабуыл жасалды. Хакерлер 100 миллион еуро ұрлап әкеткен. «Рейтер» агенттігінің ақпаратына сай, олар ақшаны арнайы платформа арқылы криптовалютаға айналдырған болуы мүмкін.
Парламент Мекке келісімін ратификациялады
Түркия парламенті Мекке келісімін ратификациялады. Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Түркия арасындағы қорғаныс пакті Анкараның Әр-Риядқа әскери қолдау көрсетуіне жол ашады. Келісімге сай, үш мемлекеттің кез келгеніне жасалған қарулы шабуыл барлық тарапқа жасалған шабуыл деп саналады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы