Басты Жаңалықтар Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшы жарысқа шығады

Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшы жарысқа шығады

Ал Олимпиаданың он бірінші күнінде, яғни бүгін қазақстандық атлеттер спорттың 4 түрінен жарысқа қатысады. Ел намысын 9 отандасымыз қорғайды. Спорттық сайыстарды әдеттегідей «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қазір сағат 13:50-де шаңғы қоссайысы басталады. Шыңғыс Ракпаров үлкен тұғырдан секіру бойынша сынға түседі. 14:40-та әйелдер арасында фристайл-акробатиканың іріктеуі өтеді. Оған Аяна Жолдас қатысады. Ал ерлердің сайысы 17:25-те көрерменге жол тартады. Төрт бірдей отандасымыз финал жолдамасын сарапқа салады. 18:25-те сырғы жарысынан командалық бәсеке өтеді. Қыздарымыз Д финалында бақ сынайды. Ал 22:40-та мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Қазақстан сапынан 17-ші болып Софья Самоделкина мұз айдынына шығады. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз. 


Бөлісу