Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді стратегиялық бағытты айқындап берді
«Қазақстандағы саяси реформалар әлемнің назарында. Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновацияға мән берілген. Бүгінгі күні Қазақстан жоғары білімі бар тұрғындар саны жағынан көш бастап тұр. Елімізде әрбір төртінші адам жоғары оқу орнын тәмамдаған. Бұл ТМД Статистикалық комитетінің ақпараты. Еліміздегі білім беру жүйесіне шеттегі қандастарымыз да жоғары бағасын беріп отыр. Қазіргі таңда Ресейде Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылып, онда оқитын шетелдіктердің саны артқан.
Есенғали Ыбраев, Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы:
Қазақстан ауқымды саяси реформаның алдында тұр. Конституцияға өзгерістер ел өміріне, барлық салаға оң әсерін беретініне сенімдіміз. Бұл - ұзақ мерзімді дамуда Қазақстан өз бағытын таңдап алды. Төл мәдениетті қолдау да назардан қалмады. Біз өз кезегімізде Қазақстанның жетістіктеріне қуана отырып, төл мәдениетімізді сақтауға, насихаттауға үлес қосамыз.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17