Басты Жаңалықтар Сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды

Сот шешімінсіз тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға болмайды

Сот шешімінсіз баспанадан күштеп шығаруға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл талап жаңа Конституция жобасында нақтыланды. Қолданыстағы құжатта «сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға болмайды» деген норма болғанымен, «мәжбүрлеп шығару» ұғымы нақты көрсетілмеген еді. Салдарынан іс жүргізу кезінде адамдар сот шешімінің мәнін толық түсініп үлгермей немесе өз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жатып, үйінен айырылып қалатын жайттар кездескен. Президенттің бастамасымен енді бұл мәселе жаңа Ата заңда анық жазылып, күмән тудырмайтындай етіп бекітілмек. Себебі біреуді баспанасынан айыру – өте салмақты шешім. Мұндай үкімді тек сот қарап, барлық дәлелді саралап, тараптардың уәжін тыңдап барып қана шығара алады. Әсіресе жалғыз баспана мәселесінде отбасы мүшелерінің, оның ішінде балалардың құқығы ескерілуі тиіс, дейді сарапшылар.


Бөлісу