Басты Жаңалықтар Ғылымдағы жаңа міндеттер талқыланды

Ғылымдағы жаңа міндеттер талқыланды

Мамандарды даярлау сапасы еңбек нарығының нақты сұранысына сай болуы тиіс. Бұл туралы Алматыда өткен Ғылым және жоғары білім министрліктің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Талқылауға сала басшысы Саясат Нұрбек, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдар және сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Жиынның негізгі тақырыбы – жоғары білім мен ғылым саласын цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері болды. Сондай-ақ өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Жоғары оқу орындары, өңірлермен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударылды. Алқа отырысы аясында қатысушылар 40-тан астам ғылыми жобаны қамтыған көрмемен де танысты. Ғалымдар ұсынған әзірлемелердің бір бөлігі қазірдің өзінде патент алып, өндіріске енгізіліп жатыр.

Руслан Нұрлыбаев, Satbayev University профессор-зерттеушісі:

Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына технопарктер салу деген бастамасын іске асуының бір көрінісі. Яғни Қазақстанның үш жерінен өндіріс салдық. Соның бірі Алматы қаласындағы мына құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін өндіріс. Бұл 19 түрлі өнім шығарады. Негізгі құрамында өндірістік қалдықтарды, жылу электр станцияларының күлдерін пайдалана отырып 20 пайызға жуық пайдаланамыз. Бұл дегеніміз өзіндік құнын түсіреді және экологиялық тиімділігін арттырады.


Бөлісу