Ресейде коммуналдық төлем екі есе қымбаттады
Ресейде коммуналдық төлемдер екі есе қымбаттады. Өйткені елде бірінші қаңтардан құн салығы 20 пайыздан 22 пайызға өсті. Оған қоса санкция әсері бар. Инфляция шарықтаған соң тіпті Мәскеу тұрғындары өңірлерге көше бастаған.
Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснояр және Краснодар өлкелерінде тұрғын үйдің
коммуналдық төлемдері күрт өсті. Мәселен, былтыр желтоқсан айында Ресей
астанасындағы екі бөлмелі пәтер үшін коммуналдық төлем 11 мың рубльге шықса,
қаңтар айында төлем 30 мың рубльден, яғни 190 мың теңгеден асып кетті.
Артем Лебедев, Чувашия тұрғыны:
Мен Чувашия Республикасынан келдім. Бізде де жағдай оңып тұрған жоқ. Бұрын коммуналдық шығындарға 4 мың рубль төлесем, қазір 7 мың рубльге дейін барады.
Екатерина Николаева, студент:
Коммуналдық төлемдердің өсуі пәтер бағасына қатты әсер етуде. Әсіресе Мәскеудегі баға жаға ұстатады.
Үкімет тарифтердің күрт өсуін инфляциямен байланыстырады. Ресей мұнайы санкция
әсерінен арзандаған соң, елде энергетикалық ресурстар қымбаттады. Тіпті кей өңірлерде тарифтік өсім
инфляциядан да жоғары.
Светлана Разворотнева, құрылыс
және ТҮКШ комитеті төрағасының орынбасары:
Ешкімге жасырын емес, Ресейде жылу желілері ескі, қазандықтар жаңартылмаған. Инженерлік желілердің тоз-тозы шыққан. Сондықтан былтырғыға қарағанда бұл салада апат жиіледі. Салаға жауапты компаниялар өз жұмысына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Мемлекеттік Думада бұл мәселе көтерілді. Депутаттар бұл
салаға аудит керектігін айтып, мәселені шешу үшін кешенді шаралар
қабылданатынын жеткізді. Ал сарапшылар осы айда Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа
санкция жарияласа, қазынаға түсетін қаражат тағы азаяды деп отыр. Яғни
коммуналдық төлемдер тағы 11 пайызға өссе, Мәскеуде бір бөлмелі пәтердің
коммуналдық ақысы 300-500 мың теңгеге дейін жетпек.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06