Алматыда спорттық-экологиялық эстафета өтті
Алматыда «Біз салауатты өмір салты мен экологияны қолдаймыз» атты спорттық эстафета өтті. Дене даярлығын шыңдайтын сайыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған. 8 командадан 64 оқушы 5 сайыс бойынша кім мықтыны анықтады. Балалар спорт саласынан бөлек, экологиялық, шығармашылық және музыкалық байқауларда бақ сынады. Топтан оза шапқандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай жоба өскелең ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын ұстану мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады.
Эльдар Еркінбек, оқушы:
Біздің командамызда 4 қыз, 4 ұл, барлығы - 8 адам. Біз бұл жарысқа 3 апта дайындалдық. Біздің ағайымыз осы жарысқа орай жаттығулар берді.
Гүлбану Нұрәбілова, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Маңызы – оқушыларды тазалыққа үйрету, спортқа бейімдеу және денсаулығын сақтауға. Бізде әр ай сайын осындай спорттық эстафеталық ойындар және отбасылыққа байланысты да ұйымдастырылып тұрады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16