UNICEF «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ
ЮНИСЕФ ұйымы Орталық Азия елдерінде «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ. Қазір Қостанай облысында 60-қа жуық білім ордасы осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бұл бастама енді Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанда жалғасын таппақ. Негізгі мақсат - экологиялық сананы қалыптастырып, жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға баулу. Мамандардың айтуынша, «Жасыл мектеп» платформасы мектептерді ғимаратынан бастап оқу мазмұнына дейін жаңартуға көмектеседі. Айта кетсек, сәуір айында Орталық Азия елдерінің экологиялық саммиті ұйымдастырылмақ.
Рашед Мұстафа Сарвар, Қазақстандағы UNICEF өкілі:
Орталық Азия елдерінде 13 миллион жастар мен балалар климаттың өзгеруінен зардап шегуі мүмкін. Бұған су тапшылығы, ауаның ластануы, құрғақшылық және тағы басқа фактор ықпал етеді. Егер біз климаттың өзгеруі туралы көбірек білсек, және оны қалай баяулатуға болатынын түсінсек, оның зардаптарын азайта аламыз. Біз болашақ ұрпақты да ойлап, суды тиімді әрі үнемді пайдаланумыз қажет. Су ресурстарымызды қалай дұрыс басқару қажеттігіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Ерлан Нысанбаев, Экология және табиғи ресурстар министрі:
Бүгін соған қызу дайындық жүріп жатыр. 1300-1500-дей адам қатысады. 40-тай панелдік сессиялар өтеді. Бүгінгі іс-шараның өзі де саммит алдындағы кездесу.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда қолөнер бұйымдарына сұраныс артып келеді
14.10.2026, 17:25
Абай облысында тағы 30 кітапхананы жөндейді
14.10.2026, 17:22
«TransLogistica Kazakhstan 2026» көрмесіне әлемнен 230 компания қатысуда
14.10.2026, 17:20
Саясаттанушы: Халық кеңесі – қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа көпір
14.10.2026, 17:18
Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет
14.10.2026, 17:17
Конгода эбола вирусын жұқтырғандар 9 мыңнан асты
14.10.2026, 17:15
Бали аралына да жанармай тапшылығы жетті
14.10.2026, 17:14
Ресейде алтын мен бағалы металдан кіріс азайып кетті
14.10.2026, 17:12