Ресейде қоймадағы дәрі-дәрмек түгесілді
Ресейде қоймада сақталған дәрі таусылып, бағасы 40 пайызға дейін қымбаттады. Мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады. Логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ. Әсіресе адамның иммундық тапшылық вирусын және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы. Сондай-ақ қант диабетіне шалдыққандарға арналған дәрі жетпейді, дейді дәріханалар қауымдастығының мамандары.
Виктория Преснякова, тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры:
Ең басты мәселе – логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттарға баға тағы өсті. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын асқақтатып жіберді. Бұл салада жұмыс істейтін маман да жоқ.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06