«Пейіш- 2» фильмі көрерменге жол тартты
Алматыда драмаға толы «Пейіш 2 Анама хат» фильмінің премьерасы өтті. Кино туынды отбасылық құндылықты, ана мен бала арасындағы махаббатты дәріптейді. Алғашқы көрсетілімді тамашалауға келгендер картинадағы шынайы эмоция мен актерлік құрамның ойынын жоғары бағалады. Көрерменнің жүрегіне ерекше ой салған фильм туралы Нұрдәулет Сыздық айтып берсін.
Анасын Меккеге жаяу алып барған Әділ ауылына қайта оралды. «Пейіш-2» фильмінің сценарийі де ұзақ жолдар мен сан түрлі қиындықтарды баяндайды. Әділдің ендігі сапарласы – жасөспірім Самир. Екеуі бозбаланың анасын іздеп Мәскеуге жол тартады. Оқиғаның қызған шағы дәл осы тұста басталады.
Кинотуынды Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь пен Ресей аумағында бір жылға жуық таспаланды. Негізгі актерлік құрамнан бөлек, қосалқы кейіпкерлерді ТМД-ға танымал жұлдыздар — Павел Майков, Омар Алибутаев, Алексей Щербаков сомдады. Ал кинокартинаны толық әзірлеуге шамамен бір жарым жыл уақыт кеткен.
Емиль Есеналиев, актер, сценарий авторы:
Фильмнің сценарийін Емиль Есеналиев жазса, кинотуындыны режиссер Руслан Акун көркемдеді. Мамандардың айтуынша, драмаға толы оқиға желісі көрерменнің қызығушылығын арттырып отыр. Қазірдің өзінде фильмді көрсетуге ниет білдірген мемлекеттердің саны күн санап көбейіп келеді.«Пейіш-1» фильмі алғаш шыққанда ерекше бала анасын Меккеге жаяу алып баруы туралы баяндалған еді. Осы киноның жалғасын түсіру барысында ұзақ ойландық. Сценарийде Әділдің Меккеден қайта оралған сәтін емес, мүлде басқа оқиға желісін жазуды ұйғардық. Бұл жолы да ана мен бала арасындағы махаббат кеңінен көрсетіледі. Сонымен қатар фильмде этнос өкілдері арасындағы достық қарым-қатынас та қамтылған.
Саламат Исабев, фильмнің атқарушы продюсері:
«Пейіш-1» фильмі 19 елде көрсетілген болатын. Фильм 7 мемлекетте түсірдік. Енді басқа мемлекеттерден де ұсыныс түсіп жатыр. 19 емес, шамамен 25–30 мемлекетте көрсетіліп қалуы мүмкін.Айта кетейін, «Пейіш - 2: Анама хат фильмі» 12 ақпаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы