Басты Жаңалықтар ШҚО-ның әлеуметтік дамуы талқыланды

ШҚО-ның әлеуметтік дамуы талқыланды

Былтыр Шығыс Қазақстан облысында бірде-бір ана өлімі тіркелмеген. Өңірдегі денсаулық сақтау саласы ілгерілеп келеді. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өткізген Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамытуға арналған кеңесте айтылды. Жиында аймақтағы білім-ғылым жайы да сөз болды. Былтыр 660 тан аса ғылыми жұмыс жүргізіліп, олардың 70-ке жуығы өндірісте қолданысқа енгізілген. Сонымен қатар травматология мен ортопедияда пайдаланылатын 20-дан астам медициналық имплантат дайындалыпты. Жиында аймақтағы туризм инфрақұрылымын дамыту, және инклюзивті спортты қолдау жайы да сөз болды. Сондай-ақ  өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесіне көңіл бөлу қажет екені айтылды. Кеңес соңында Аида Балаева әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын жақсартуды және мемлекеттік органдардың бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу