Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтеді

Жаңа Конституция мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтеді

Жаңа Конституция жобасы мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді күшейтіп, ұзақмерзімді әріптестікке негіз болатын орта қалыптастыруға бағытталған.  Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен кеңесте айтты. Жиынға мұнай-газ, энергетика, тау-кен металлургиясы және агроөнеркәсіп кешені салаларының бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мен өңірлік сарапшылар келген. Отырыста салық реформалары, бизнесті қолдау және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері талқыланды. Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Жаңа құжат бизнесмендерге үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі,-деді Олжас Бектенов.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Жарты жыл бойы қоғамда Конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Ашық дискуссиялар болып жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп түсуде және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын.


Бөлісу