Ресейге қарсы тағы да санкциялар пакеті дайныдалуда
Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді. Айтуынша, Вашингтон мен Нью-Дели былтыр сауда саласында қайшылықтарды шешіп, келісімге келген. Нәтижесінде АҚШ Үндістанға бекіткен 25 пайыздық баж салығын 18 пайызға түсірді. Ал Ресейде санкция салдарынан бюджет тапшылығы тағы ұлғайды.
2014 жылдан бері Ресейге салынған сакнцияның жалпы көлемі 31 мыңға жуықтады. Осылайша көршіміз Иранды басып озып, әлемде санкция ең көп салынған мемлекеттердің ішінде бірінші орынға шықты. Экономикалық шектеулер барлық салаға кері әсерін тигізді. Инвестициялық ахуал да төмендеді.
Олег Николаев, кәсіпорын басшысы:
Санкцияға байланысты біз үшін әлем екіге бөлінді. Бізбен жұмыс істеуді жалғастырып жатқан елдер бар, түбімен әріптестіктен бас тартқандар да бар. Сондықтан жаңа нарық іздеуге мәжбүрміз. Біз техниканы бұрын Батыс елдеріне де жеткізетін едік. Қазір барлық байланыс үзілді.
Соңғы 19 санкциялар пакеті негізінен энергетикалық секторға бағытталған. Транзакциялар бұғатталып, мұнай тасымалдауды шектеу шараларын енгізді. Қара алтын үшін шекті баға 60 доллардан 47 долларға бірақ түсті. 2024 жылмен салыстырғанда былтыр Ресейдің мұнай-газ экспортынан түскен қаражат 7,5 миллиард долларға кем. Мұнай бағасы әлемдік нарықта 20%-ға төмендесе, ал Ресейдің мұнайы 30%-ға арзан сатылады. Сонымен қатар, шикі мұнайдың арзан болуы қосымша өндіріс шығындарын көбейтті, өйткені олардың шығындарын жабу үшін нарықтағы баға жоғары болуы керек.
Станислав Митрахович, сарапшы:
Сондықтан мұнай компанияларына салық өсті. Ал Ресей жинайтын салықтың 80 пайызы осы мұнай компанияларынан түседі, соған байланысты бюджет жасақталады. Бұл ең алдымен мұнай саласын дағдарысқа әкеледі.
Ресейдің мемлекеттік бюджеті мұнай-газға тікелей тәуелді. Орталық банк мұнай бағасы құлдырағандықтан, рубль әлсірейтінін ескертті. Мемлекеттік бюджетте жылдық дефицит 8 триллион рубльге жетуі мүмкін. Ірі сатып алушылар Үндістан, Қытай Ресей мұнайынын бас тартса, көршіміз қара алтынды үшінші елдерге трейдерлер мен «көлеңкелі флот» арқылы сатады деген болжам бар. Ал Еуроодақ ақпанның жаңа 20 санкциялар пакетін әзірлеуде. Онда Ресей мұнайын теңіз арқылы жеткізуге шектеу, қаржы ағынын одан сайын қысқарту, мыс, платина, родий сияқты металдардың импортына тыйым салу көзделген. Жаңа санкциялар 24 ақпанда қабылдануы ықтимал.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы