Конституциялық реформа адам құқығы мен адами капиталға басымдық береді
Адам құқықтары мен бостандықтары – Ата заңның негізгі басымдығы. Осы бағыттағы өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, халық пен билік арасындағы байланысты күшейтеді. Конституциялық реформаның өзегі – мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сондай-ақ ел дамуын: адами капиталмен және азаматтардың жетістіктерімен өлшеу. Осылайша білім мен ғылымға, мәдениет пен инновацияға басымдық беріледі. Сарапшылардың пікірінше, оң өзгерістер қоғамның дамуына жаңа серпін береді. Бұл пікірді тұрғындар да қолдап отыр. Бастаманың ел болашағы үшін берері көп дейді.
Сауалнама:
- Конституцияның жаңа жобасында білімге, ғылымға және инновацияға көп көңіл бөлініп жатыр. Ол дегеніміз елімізде жаңадан ғалымдардың және жаңалықтардың ашылуына көптеген септігін тигізу керек.- Адамдардың алаяқтыққа бару, рұқсатсыз деректерін алу, олардың мүліктеріне қол сұғудың алдын алуда осы цифрлық деректерді қорғау мәселесі кеңінен пайдасын тигізеді деп ойлаймын.- Отбасы құндылықтарына, бала мен ана құқықтарын қорғауға байланысты көптеген мәселелер көтерілген. Бұл болашақта әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, соның ішінде бала құқықтарын қорғауға көптеген жақсы әсер береді деп ойлаймыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауын 700-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды
18.08.2026, 20:07