18 жасқа толмағандарға электр самокатпен жүруге тыйым салынады
Елімізде электр самокат жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылуы мүмкін.
Жүргізуші куәлігі жоқ және 18 жасқа толмаған азаматтарға екі дөңгелекті техниканы қолдануға тыйым салынбақ. Ал қуаты 250 ваттан, жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын электр велосипедтер мопедтер санатына енгізіледі. Сондай-ақ электр самокатты жалға беретін компанияларға да қойылатын талаптар күшейеді. Мұндай көліктер міндетті сақтандырудан өтіп, тіркеу нөмірімен есепке алынуы тиіс. Қалалық полиция ережені елемегендерге айыппұл салынатынын ескертеді.
Айдын Меркімбаев, қалалық ПД өкілі:
Егер де ол азаматтардың жүргізуші куәлігі болмаған жағдайда, бірінші ретте 615 және 620-шы баппен айыппұлға тартатын болады. Бірінші ретте 10 АЕК, ал қайталанатын болса, 15 АЕК-пен жазаға тартылатын болады.
Айта кетейін, былтыр елімізде 37 мыңнан астам самокат жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Мұндай көліктердің қатысуымен 443 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам қаза тапты. Тағы 456 тұрғын жарақат алған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы