Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға айрақша мән берілген
Еуразия Ұлттық eниверситетінде де жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды. Сарапшылар өзгерістердің негізгі бағыттарын, олардың институционалдық мазмұнын және елдің саяси-қоғамдық жүйесіне әсері жайлы айтты. Жаңа құжаттың билік тармақтары арасындағы байланысты арттыруға және азаматтардың мемлекеттік басқарудағы рөлін күшейтуге бағытталғаны белгілі. Ата заңда шекара мен ел аумағының тұтастығы, әділетті қоғам құру мәселелері нақты көрініс тапқан. Оқу ордасында бас қосқан ғалымдар мен академиялық қауымдастық өкілдері ең бастысы ғылым мен білімге айрықша мән берілгенін атап өтті. Жиында сөз алған қоғам белсенділері ойларын ортаға салып, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелеріне ұсыныстарын жолдады.
Индира Рыстина, ЕҰУ проректоры:
Бұл өзгерістер қандай әсер етеді біздің қоғамдық ортаға, жалпы адамдардың өміріне қалай әсер етеді, бұл өзгерістердің саяси мәні қандай, бұл өзгерістердің біздің болашаққа жалпы қалай әсер ететінін талқылап жатырмыз. Әсіресе, университет ортасы болғаннан кейін білім, ғылым салаларының Конституцияда еліміздің негізгі құндылықтары ретінде бекітілуі бізге өте маңызды және бұл өте әсерлі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09