Талапкерлер eGov.kz порталы арқылы әскери оқу орындарына түсуге өтініш бере алады
Ақпан айынан бастап Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге өтініштер онлайн режимде қабылданады. Ол үшін талапкер eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Әскери қызмет» бөлімдеріне кіруі қажет. Үміткердің денсаулық жағдайы, жеке куәлігі, білім туралы мәліметтер мен ҰБТ нәтижелері туралы ақпарат автоматты түрде тексеріледі. Бұрын бұл құжаттар жергілікті әскери органдар арқылы рәсімделетін. Құжат тапсыруға 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар қатыса алады. Өтініштерді қабылдау 10 маусымға дейін жалғасады. Айта кетейік, оқу аяқталғаннан кейін институт түлектеріне «лейтенант», ал колледж түлектеріне «сержант» әскери атағы беріледі.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17