Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның жеке қоры ашылды
Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның Ұлттық архивте жеке қоры ашылды. Бұған дейін қаламгердің «Қызыл жебе» романының, «Бесеудің хаты» атты екі бөлімді драмасының түпнұсқасы, қолжазба күйінде Ұлттық архивке берілген. Сондай-ақ, сирек кездесетін суреттері табысталған. Бұл құжаттардың барлығы «Егемен Қазақстан» газетінің мұрағатында сақталған. Архив мамандары 6 мың парақтан тұратын материалды 3 айға жуық өңдеп, Ұлттық баспасөз күніне орай арнайы жиын өткізді. Зиялы қауым өкілдері Шер-ағаң жайлы естеліктер бөлісіп, бүгінгі басқосу айрықша мәнге ие екенін айтты.
Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:
Әрине Шер-ағаның үлкен қоры ол ауылындағы Жуалыдағы архивте. Бұл сол архивтің бір бөлігі деп есептеуге болады. Шер-ағаның біраз өмірі Астанада өткеннен кейін «Астанада Шер-ағаңа қатысты не бар?» деген сұраққа жауап беретін осы қор болады ғой деп есептейміз.
Сағила Есімсейітқызы, Ұлттық архив директоры:
Шерхан Мұртазаның құнды жазбалары алдағы уақытта тек қана сақталып қоймайды, цифрлы форматқа ауыстырылып, оны зерттеп, болашақ Шерхантанушылармен, зерттеушілерге ұсынуда біз жүйлі жұмыс атқарамыз деп ойлаймын.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бала асырап алу ережелері өзгерді
19.03.2026, 20:59
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
19.03.2026, 20:53
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек
19.03.2026, 20:47
Молдова және Украина елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
19.03.2026, 20:45