Басты Жаңалықтар Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары

Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары

Ресейде қазақ мәдениетіне қызығушылық жоғары. Мәскеу мен өңірлерде ұлттық үйірмелер ашылып, бай мәдениетімізді насихаттап жүрген ұлттық би топтарының саны ұлғайды. Сонымен қатар, ұлттық киімге де қызығушылық жоғары. Сондықтан қазақ мәдениет ұйымдары түрлі деңгейдегі шараларды жиі ұйымдастырып жүр.

Мәскеу облысы мен қалада барлығы 100 мыңға жуық қандас тұрады. Олар барлық ұлттық мерекені атап өтіп, салт-дәстүрді берік ұстанады. Жырақта жүрсе де, тарихи Отанымен байланысты үзген емес.

Гүлшат Алимова, қалалық Қазақ ұлттық-мәдени автономиясының вице-президенті:

Қазір Мәскеу қазақтарының арасында домбыра үйренемін дегендердің саны күрт артты. Біздің автономиямыз домбыра үйірмелерінің санын көбейтіп, қазақ тілін жастарға үйрету үшін арнайы сабақтар ұйымдастырады. Тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындардан шеберлік сағаттары өткізіледі.

Қазақтың бай мәдениетіне өзге ұлт өкілдерінің де қызығушылығы жоғары. Сондықтан Ресейде қазақтың ою-өрнектері бейнеленген ұлттық киімдегі ойыншықтары шығарыла бастады. Соңғы уақытта халқымыздың қамзол мен сәукелесін, шапан киген этникалық ойыншықтарын бірнеше өңірден табуға болады.

Татьяна Владимирова, кәсіпорын қызметкері:

Ұлттық стильдегі ойыншықтарға әртүрлі жаста сұраныс жоғары. Өйткені әр шарада халықтардың дәстүрлері, киім үлгілері тереңірек таныстырылады, халықтар достығы тақырыбына басымдық берілген. Сонымен қатар, заманауи қазақ жастарының ұлттық киімі қандай екен деп, сол үшін Қазақстанға барып, зерттеп, қазір оны да шығарып жатырмыз. Сұраныс үлкен.

Мәскеудегі халықаралық ұйымдар мен Қазақстан павильонында да қазақ бұрыштары, ұлттық көрмелер бар. Ендігі мақсат қазақ театрларының жұмысын жандандыру.

Бөлісу