Алдағы 5 жылда 2 мың га жерге ағаш егіледі
Елімізде алдағы бес жылда 2 мың гектар аумаққа 9 млн ағаш көшеті отырғызылады. Жасыл желек Іле-Алатау ұлттық паркін, «Семей орманы» резерватын және Астананың жасыл белдеуіне егіледі. Экологиялық бастама «Halyk Орманы» жобасы аясында былтыр басталған. Күні бүгінге дейін 10,4 гектар аумақ көгалдандырылды. Оған арнайы қор есебінен 1 млрд теңге бөлінді. Экологиялық бастамаға шетелдік ірі компаниялар да қызығушылық танытып отыр. Мамандардың сөзінше, оң өзгеріс еліміздегі орман алқаптарының көлемін ұлғайтады.
Мақсат Елемесов, Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитет төрағасының орынбасары:
Бүгінгі кездесудің мақсаты – түрлі саладағы бизнес өкілдерін экологияны қолдауға шақыру. Жиынға 50-ге жуық компания қатысып, бастамаға қызығушылық танытты. Олардың арасында халықаралық деңгейде дәрі-дәрмек өндіретін ірі өндіріс ошақтары да бар. Кәсіпкерлерден тартылған қаржы көшет сатып алуға жұмсалады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16