Ақмола облысында 2,5 мың адамды ит қауып алған
Ақмола облысында былтыр 2 жарым мың адамды ит қапқан. Ал биыл бір айда 25 адам қаңғыбас иттерден жапа шеккен. Ішінде балалар да бар. Бұралқы иттердің көбейгенін мамандар да растап отыр. «Адамға шабуылдайтын иттердің көбінің иесі бар. Сондықтан иелерімен жұмысты күшейту керек», - дейді олар.
Бір топ бұралқы ит жуырда көкшетаулық Ержан Есқожановтың 15 жастағы қызына
шабуылдап, аяғынан тістеп алған. Абырой болғанда, ересектер арашалап алды, - дейді.
Ержан Есқожанов, Көкшетау тұрғыны:
Қызым айтады, мен ол иттерге тиіскен жоқпын, - дейді. Жай өтіп бара жатқан. Қызды тістеп кетті. Оның жүрегінде ақауы бар. Учетта тұр. Көп ит болыпты. Бес-алты ит болыпты. Ойладым тиіспейді деп, олар қауып алды, они даже үрген де жоқ.
Қаңғыбас иттер қаланың шеткері ауданындағы бір үйдің 15 шақты тауығын қырып
салса, тағы бір көпбалалы отбасының екі қойын жарып кеткен. Бірақ Наталья
Махметова малдан гөрі балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайды.
Наталья Махметова, Көкшетау тұрғыны:
Сол сәтте үйден балалар шығып қалса, оларға да шап берер еді. Мына қаңғыбас иттер бізді әбден әуреге салды. Екі қойымызды жарып кетті, тағы біреуі жараланып, екі күннен кейін арам өлді.
Мұхаммед Смайлов, Көкшетау тұрғыны:
Осы мектептің жанында иттер көп, қаңғырып жүреді. Балаларды қауып та алған
уақыт та болды және бір қойды жарып кетіпті. Сол үшін шара қолдану керек.
Облыс бойынша бұралқы иттердің көбейіп кеткенін полиция да растап отыр. Себебі
заң бойынша 2021-ші жылдан бастап оларды өлтіруге тыйым салынған. Сондықтан
ветеринария басқармасы жануарларды тек
залалсыздандырып, құлағына сырға тағу үшін ғана байқау жариялайды.
Былтыр сол мақсатқа 96 млн теңге бөлінген.
Әскер Қайыржанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім жетекшісі:
2025 жылы 5500 ит ауланды, оның 1650 басы агрессивті түрде жансыздандырылды. 3850 бас залалсыздандырылып, вакцина жасалып, чипталып өз өңіріне қайтарылды.
Мамандардың айтуынша, қаңғыбас иттерден гөрі адамдарға бүгінде иесі бар, бірақ
бос жүрген иттерден қауіп күшті.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Былтыр табиғатты қорғау полициясы 400-ге жуық ит иесін жауапкершілікке тартып, 8 млн теңге айыппұл салған. Алайда иттен жапа шеккендер саны көбеймесе, азаяр емес. Сондықтан жануарларды оқшаулау үшін 5 мың ит пен мысыққа арналған арнайы нысан салынбақ.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Петропавл қаласы мен Алматы облысында әдеткі тазалық шарасы өтті
30.01.2026, 17:29
Жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді
30.01.2026, 17:27
Алдағы 5 жылда 2 мың га жерге ағаш егіледі
30.01.2026, 17:25
Қостанай облысында ауылдардың әлеуеті артып келеді
30.01.2026, 17:23
Қарағанды облысында қант диабетіне шалдыққандар 8%-ға көбейген
30.01.2026, 17:19
Трамп Тегеранға екі шарт қойды
30.01.2026, 17:17
Балаларды психологиялық диагностикасына арналған бірыңғай цифрлық платформа құрылады
30.01.2026, 17:14
Мемлекеттік сатып алуды ЖИ реттейді
30.01.2026, 17:12