Депутат референдум атауын өзгертуді ұсынды
Конституциядағы республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту керек. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай ұсыныс айтты. Бүгін комисиия хатшылығына жазылған хаттар тыңдалды. Отырыста депутат: «Комиссия аясында тарихи қателікті түзетуге мүмкіндік бар. Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек», - деді.
Мұрат Әбенов, Мәжіліс депутаты:
Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, референдум республикалық референдум деп аталады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, референдум ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуі керек. Сондықтан референдум атауының басқа нысанын емес, «халықтың бірлігі - референдум өткізудің негізгі талабы» деп өзгерту керек. Осыған байланысты атауын республикалық референдум орнына халықтық ұлттық референдум, жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынылады.
Ал Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев жаңа
Конституция мәселесін қарауды ұсынды. Ол кейінгі екі күн ішінде ұсынылып
отырған өзгерістер жан-жақты әрі мұқият талқыланғанын жеткізді. Сондай-ақ
ұсынылып отырған өзгерістердің бәрі қоғамның бүгінгі сұранысына, заман талабына
сай келетінін атап өтті.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09