Астанада Turning Points Qazaqstan Журналы жарыққа шықты
Астанада жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT форумы басталды. Онда энергетика мен экономика, мәдениет және білім салаларындағы тақырыптар талқыланып жатыр. Форум аясында Turning Points Qazaqstan журналы оқырманға жол тартты. Бұл The New York Times лицензиясымен Орталық Азиядан жарыққа шыққан алғашқы басылым. Журналда атақты америкалық газеттің сарапшылары алдағы жылдарға болжам жасап, жаһандық үрдістер жайында пікір білдіреді. Сондай-ақ баспада қазақстандық мамандардың еңбектері ұсынылған. Журнал жылына бір рет қазақ және орыс тілінде шығады.
Еркін Жақыпов, «Kazmedia Holding» ЖШС бас директоры:
Бұл журналда біз келешекті болжаймыз. Қазақстан үшін ең маңызды болған тақырыптарды алға шығарып отырмыз. Негізгі миссиясы әлемдік контентті қазақ тілінде қолжетімді ету арқылы білім сапасын көтеру, сол арқылы өмір сүру сапасын арттыру.
Басылымның алғашқы санында көтерілген тақырыптар форумда талқыланды. Соның ішінде жасанды интеллект, цифрландыру мен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды.
Карлос Торрес, сарапшы:
Бүгін біз энергетика саласына, соның ішінде, жаңартылған энергия көздеріне қатысты көп айттық. Себебі жыл өткен сайын энергияға сұраныс арта береді. Сол үшін жаңа қуат көздерін орнату маңызды. Осы ретте Қазақстанның әлеуеті зор. Өйткені, күн мен жел энергиясын қолдануға мүмкіндік бар. Сондай-ақ табиғи ресурсқа бай. Бұл маңызды рөл атқарады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы