Басты Жаңалықтар Қалалар Smart City жүйесіне көшіп жатыр

Қалалар Smart City жүйесіне көшіп жатыр

Қауіпсіз шаһар, тұрғындарға жайлы орта. Еліміздегі қалаларға Smart city жүйесі енгізіліп жатыр. Мемлекеттік, коммуналдық қызметтерге онлайн қол жеткізуге болады. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеп, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қала инфроқұрылымын жақсарту үшін ел ғалымдарының өнертабысы да қолданылады.

Алматылық ғалымдар Smart City жүйесі аясында «Таза бөлме және экология» құрылғысын әзірлеп жатыр. Заманауи технология бөлме ішіндегі ауа сапасын қадағалайды. Егер адам денсаулығына зиян көрсеткіштер анықталса, жасанды интеллект  жағдайды реттейді. Құрылғы өздігінен шешім қабылдап, қосалқы жабдықтарды автоматты түрде басқарады. Сондықтан, бұл технологияға медициналық мекемелердің қызығушылығы жоғары.

Әсия Қобыланды, ғалым:

Фармокологиялық жағдайда, ИСО талаптар деген сияқты бар. Сол үшін  медициналық орталықтарда  бұл сұранысқа ие болып табылады. Олардың бактериялар, микробтар түспеу керек деген сияқты. Сол үшін белгілі бір талаптар сақталуы керек. Ауаның сапасына байланысты.

Smart City жүйесі шаһардағы бейнебақылау камералары мен арнайы сенсорлардан деректер  жинайды. Өңделген ақпарат қауіпсіздік пен көлік қозғалысын басқару үшін пайдаланылады.

Жұлдыз Кәлпеева, Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры:

Қала тұрғындарының өзі бір проблеманы көрген жағдайда оны бірден смартфондарына түсіріп, цифрлық сервистер арқылы соны қала әкімдігіне тез арада жеткізеді. Қала әкімдігі бірден әрекет етеді да ол мәселе бірден шешіледі. Осылайша барлық қала тұрғындарының қолайлы жағдайда өмір сүруіне ықпал етеді.

Smart City жобалары әр қаланың даму бағыты мен қажеттілігіне қарай бейімделеді. Аймақтың халқы мен инфрақұрылымы ескеріледі. Ал ақылды шешімдерді енгізу бағытын жергілікті билік анықтайды. Алайда  цифрлық және технологиялық талаптар барлық қалаға ортақ болады.

Назгүл Бажаева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің департамент директоры:

Әр қалада жергілікті ерекшеліктері ескеріледі.бірақ негізгі стандарттармен талаптарортақ болады.біз жасанды интеллект министірлігі Smart City методикамыз бар. Және осы методика бойынша әр қалалар өздеріне бағыт қояды.

Мамандардың сөзінше, ақылды қала жобасы тұрғындарға жайлы өмір сыйлайды. Сандық технологиялар қызметтерді жеделдетіп, қауіпсіздік пен тұрмыс сапасын арттырады. Сонымен қатар қалалардың дамуына тың серпін береді.


Бөлісу