«Келешек мектептері» ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жақындатып жатыр
«Келешек мектептері» ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жақындатып жатыр. Мәселен, Астана іргесіндегі Талапкер ауылының балалары бұрынғыдай мегаполистегі мектепке бармайтын болды. Себебі қалада бар мүмкіндік ауылға да жетті. Сонымен, келешек мектептерінің келбетін тілшіміз көріп қайтты.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Білімге салынған қаржы - шығын емес, болашаққа бағытталған капитал. Қайтарымы қазір-ақ. Талапкердегі талабы таудай өрендер жаңа мектептің табалдырғын аттағалы 2 жылдай уақыт болды. «Келешек мектебінің» қандай кереметі бар. Бірге көрейік.
Иә, «Келешек мектебінде» көретін, көңілге демеу беретін дүние көп. 1400 орындық білім ордасы ауыл халқының өміріне өзгеріс әкелді. Бұқара бұрынғыдай қалаға қатынамайды. Елді мекенде еңселі мектеп есік ашқан соң, баласын осында ауыстырған ата-аналар бар.
Клара Жақауова, ауыл тұрғыны:
Бұрын балаларым қала мектептерінде оқитын. Талапкер ауылында «Келешек мектебі» ашылғалы бері осы мектепке ауыстырып, осы мектеп жақсы, оқып жатыр.
Қозы Көрпеш Жасаралұлы, тілші:
Келешек мектебіне келген бала, өз әлеуетін толықтай аша алады. Қаламен бірдей жағдай жасалған. Немен шұғылданам дейді, соның барлығы бар. Дәл қазір осы мектепте 21 үйірме жұмыс істеп тұр.
Мұндай мектептер қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жойды. Жаңа нысан жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, біліммен бірге баланың болашағын да айқындап беріп отыр. Яғни, бірінші кезекте оқушының ынта-ықыласы ескеріліп, соған сәйкес бағдар жасалады.
Балауса Ерғали, оқушы:
Біздің мектеп өте кең. Балалардың білімін арттыруға көптеген технологиялармен қамтылған. Және де осы мектептің мұғалімдері өте білікті, өте тәжірибелі.
Мектепте бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блокта білім алады. Қауіпсіздік ерекше мән берілген. Ал пәндік кабинеттер заман сұранысына сай жабдықталған.
Бақыт Шәкірова, мектеп директорының міндетін атқарушы:
Бірінші ашылған кезде 1198 оқушымен ашылған еді. Қазіргі таңда мектепте 1433 оқушы білім алады. 111 мұғалім жұмыс жасайды. Келешек мектеп ашылғалы ауылымызға серпін берді.
Жалпы, былтыр елімізде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 112 нысан салынды. Соның 40 пайызы ауыл-аймақта бой көтерген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы