Конституциялық комиссия: Неке ұғымын күшейту ұсынылды
Жаңа Конституцияда отбасы мен неке ұғымдарын күшейтіп, оны тек қана ер мен әйелдің арасындағы тең, еркін және өзара жауапкершілікке негізделген құндылық ретінде нақты бекіту керек. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында осындай бастама көтерді. Оның сөзінше, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды Ата заңда айшықтап жазу демографияны нығайтып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етеді.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Отбасының негізгі Конституциясы ол - неке. Қазіргі таңда біздің қоғамымызда ажырасу мәселесі өршіп тұр. Одан қалса, кейбір отбасылардағы зорлық-зомбылық мәселесі тағы да бар. Оған қоса дәстүрлі ұғымдарымызға бір теріс пиғылдағы басқа да құбылыстардың пайда болуы сияқты дүниелер қоғамды дүрліктіріп отыр. Саяси биліктің институттарын да кез келген уақытта модернизациядан өзгертуге болады. Бірақ отбасы мен неке мәселесі міндетті түрде Конституциядан орын табуы керек.
Қазіргі Конституцияда ана мен баланы қорғау нормалары бар, алайда некенің нақты анықтамасы көрсетілмеген дейді депутат. Ал әлем елдерінің басым бөлігінде ер мен әйел арасындағы одақтың негізгі шарттары нақты айқындалған. Тіпті шаңырақ құру мәселесі қоғамның іргетасы ретінде қарастырылады.
Конституциялық комиссия: Жеке деректер
заңмен қорғалуы тиіс
Ал Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы
отырысында жеке деректерді қорғау мәселесіне ерекше тоқталды. Сенат төрағасы
орынбасарының сөзінше, соңғы 10 жылда «көше
қылмысы» тоғыз есе төмендегенімен, мүлікті тонау цифрлық кеңістікке көшкен.
Жақып Асанов, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:
Цифрлық әлемде бүгінгідей біз өмір сүрген жоқпыз. Құжаттарымызда, ақшамыз да, қалтамызда жүретін, ал біреу бірдеңені тартып аламын десе, физикалық жақындау қажет болатын. Қорыта келе, Конституция жеке деректерді, шынайы өмірде қалай қорғаса, цифрлық әлемде де, дәл солай қорғалуы тиіс. Сондықтан Конституциялық реформа аясында азаматтардың жеке деректері ерекше қорғалады деген нақты норманы ұсынуды енгізуді ұсынамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы