Депутат: Банк құпиясын қорғауды күшейткен жөн
Азаматтар мен бизнестің жеке меншігін, соның ішінде банктік құпияны Конституция деңгейінде қорғауды күшейту ұсынылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында айтты. Соңғы жылдары банк операциялары мен салымдарға қатысты ақпараттың жиі жария болып кеткені рас. Жеке деректердің тез таралуы қоғамды алаңдатып отыр. Депутаттың пікірінше, қаржы ұйымдарындағы дербес мәліметтер жеткілікті деңгейде қорғалмайды. Бұл жаппай цифрландыру мен электронды қызметтер заманында аса үлкен қауіп. Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы банктік құпияны, жеке және іскерлік келіссөздерді, кез келген байланыс құралдары арқылы берілетін хат-хабарларды жоғары деңгейде қорғауды ұсынды. Бұл нормалар адамдардың жеке меншігіне қол сұғылмауын қамтамасыз етуі тиіс. Жаңа өзгерістер кәсіпкерлердің сенімін арттырып, инвестицияны көбейтуге және ел экономикасының тұрақты дамуына мүмкіндік бермек.
Азат Перушаев, Мәжіліс депутаты:
Соңғы кезде осы дербес ақпаратты заңсыз тарату проблемаға айналған нәрсе. Біз инвестицияларды, инвесторларды тартайық десек, оларға арнайы кепілдік беруге міндеттіміз. Яғни олардың меншігіне, жекеменшігіне ешқандай қаупі жоқ. Олардың өзара жүргізетін мына пікір алмасу жөніндегі ақпараттар, олар бизнес жайындағы ақпараттарды бостан босқа таратылмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы