Басты Жаңалықтар Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде

Жастарды қолдау шаралары жүйелі жұмыс істеуде

Қазақстанда 12 мыңнан астам жас ғалым бар. Яғни зерттеушілердің тең жартысы жаңа буын өкілдері. Бұл ұлттық ғылымның жас әрі қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет тарапынан ізденімпаз жандарды қолдауға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жаты.  Соңғы екі жылда жас ғалымдарға 577 пәтер беріліп, оның 94-і өтеусіз негізде табысталды. Сондай-ақ бүгінге дейін Болашақ бағдарламасы аясында жалпы 13 мыңнан астам студент әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарынан білім алып, арнайы дипломдарға ие болды. Қазір олар еліміздің түрлі саласында нәтижелі қызмет атқарып жүр.  Шығармашылық оқу орындарының студенттері арасынан конкурс жеңімпаздарының саны шамамен 15 пайызға артты. Тек осы жылы мәдениет саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің бір жарым мың студенті республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты атанды. Былтырдан бері оқушылар 30-дан астам халықаралық олимпиада мен ғылыми жарысқа қатысып, мыңға жуық медаль алған. Мемлекет тарапынан жастарды жан-жақты қолдауға арналған бағдарламалар алдағы уақытта да жалғасады.


Бөлісу