Басты Жаңалықтар О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды

О.Сүлейменовты Нобель сыйлығына ұсынды

Олжас Сүлейменов 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы көрнекті ақын және қоғам қайраткерін бұл марапататқа лайық деп танып, ресми қолдау көрсетіп жатыр. Партия жетекшісі өз баяндамасында Олжас Сүлейменовтің ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстағы тарихи рөліне тоқталып, оның атқарған ісі Нобель бейбітшілік сыйлығының талаптары мен құндылықтарына толық сәйкес келетінін айтты.  Қазіргі таңда Норвегиялық Нобель комитетіне барлығы 25 ресми номинациялық хат жолданған. Оларға Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, АҚШ және өзге елдердің ғылыми және қоғамдық өкілдері қол қойды. Кезекті номинациялық хат бүгін рәсімделіп, Осло қаласына жіберілді.  Сонымен қатар, бүгінгі жиында  Сүлейменовтың шығармашылық және қоғамдық мұрасын жүйелі зерттейтін «Олжастану» ғылыми-зерттеу институтын құру жөнінде шешім қабылданды.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
Ол әлемдік дәрежедегі адам. Иә ол, бірінші Семейлік ядролық полигонды одан кейін Америкадағы Невада, Қытайдағы Лобнор, Ресейдегі және Франциядағы 5 әлемде ядролық полигон жабылды. Бұл Нобель лауреатын алуға үлкен мүмкіндік береді.


Бөлісу