Басты Жаңалықтар Цифрлық кодекс деректерді қорғауды қамтамасыз етеді

Цифрлық кодекс деректерді қорғауды қамтамасыз етеді

Қазақстан цифрлық құқықтарды заңнамалық тұрғыда бекіткен әлемдегі екінші ел. Қабылданған құжат технологияны дамытуға, жасанды интеллектіні енгізуге және қауіпсіз ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сала мамандарының сөзінше, кодекс салалық заңнамалардағы ережелерді жүйелеп, құқықтық қайшылықтарды реттеді. Сондай-ақ, онда цифрлық мемлекеттік басқару жүйесі қайта қаралып, жаңартылды. Азаматтарға дербес деректерді жою, оларды өңдеуді шектеу, жасыру құқығы берілді. Ал биометриялық сәйкестендіру тек заңда көзделген жағдайларда ғана қолданылады.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

Кодекске алғаш рет цифрлық ортада адам құқықтарын қорғауға арналған жеке тарау енгізіліп отыр. Бұл тарау үш негізгі блоктан тұрады. Ал техникалық тұрғыда платформа иелері цифрлық деректер өнімдерін ақпараттың тарап кетуінен және рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

Мамандар кодексте киберқауіпсіздік мәселелесіне баса мән берілгенін айтады. Мәселен, деректерді қорғаудың жаңа стандарттары белгіленеді. Ведомства өкілдері, заман сұранысына сай сан саланы цифрландыру ел экономикасының дамуына да әсер етеді.

Дмитрий Мун, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Цифрлық кодекстің қабылдануы инновацияларды енгізу, жасанды интеллектіні пайдалану және азаматтардың құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді сақтай отырып, еліміздің орнықты дамуына ықпал етпек.


Бөлісу