21 қаңтар – Инженерлік әскер күні
Бүгін елімізде Инженерлік әскер күні. Бұл жауынгерлер миналарды залалсыздандыру мен төтенше жағдайлардың салдарын жоюмен айналысады. Сондай-ақ олар үнемі ел ішіндегі төтенше жағдайлардың бел ортасынан табылып жүр. Мәселен, 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде дәл осы сарбаздардың көмегімен Ойыл, Есіл өзендерінде паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды. 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Қазақстандық инженерлер халықаралық миссияларға да қатысқан. Ирактағы операция барысында 4 миллионнан астам жарылғыш зат бейтараптандырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлімшелердің құрамына саперлар, инженер-барлаушылар, понтоншылар, механик-жүргізушілер және кинологтар кіреді.
Мұрат Жүсіпов, ҚР Қарулы күштер Бас штабы инженерлік әскерлер
департаментінің бастығы:
Кәсіби мамандар елімізде болған төтенше жағдайлар, өрт, жарылғыш заттарды табу салаларында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Сонымен қатар инженерлік әскерлері жауынгерлік дайындық, инженерлік дайындық, қарулы күштеріміздің жоғары әскери әзірлігін қамтамасыз ету жолында да өз үлесін қосып келеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем таныған ақын
18.05.2026, 20:58
«Музей түні – 2026»: Тарих пен мәдениет тоғысқан кеш
18.05.2026, 20:57
Қазақстан музейлері халықаралық ынтымақтастықты күшейтпек
18.05.2026, 20:54
LRT: Мамандар қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертті
18.05.2026, 20:14
Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшеді
18.05.2026, 20:12
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке 13 бап бойынша айып тағылды
18.05.2026, 20:10
ДДСҰ эболаның өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 20:09
Емханаға тіркелу ережесі өзгереді
18.05.2026, 20:07