Басты Жаңалықтар «Қайрат» «Брюггеге» есе жіберді

«Қайрат» «Брюггеге» есе жіберді

«Қайрат» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» командасына есе жіберді. Қорытынды есеп 1:4. «Астана Арена» стадионында өткен мачт алматылық клубтың өз алаңындағы соңғы ойыны болатын. «Брюгге» ойын басталғаннан «Қайратты» қыспаққа алды. Ойынның 32-минутында қонақ команда сапында Александар Станкович гол соқты. Араға 6 минут салып, Ханс Ванакен есепті еселеді. Екінші таймда ұрымтал сәттерді ұтымды пайдаланған бельгиялық клуб ойыншысы Ромео Верман 74-минутта мергендігімен танылса, сәлден соң Брендон Мехеле 4-голды еншісіне жазды. Ойынның қосымша уақытында «Қайрат» сапындағы Әділет Садыбеков көзге түсті. Жалпы, «Қайрат» командасы «Брюггеге» дейін алты ойын өткізіп, бесеуінде жеңілді. Тек біреуінде тең нәтиже тіркеді. Енді қазақстандық команда Чемпиондар лигасындағы соңғы матчын 28 қаңтарда Лондонда «Арсеналға» қарсы өткізеді.

Бөлісу