Рәміздер туралы заңға жаңа нормалар мен ережелер енгізіледі
Көк туымыздың желбіреп тұрғанын көргенде, ерекше қуаныш сезіледі. Бүгінгі ұлттық құрылтайда Президент осылай деді. Мемлекет басшысы байрағымызды көліктерде, үйлерде, көшелерде, спорттық және өзге де іс-шараларда кеңінен қолдану – ұлт ретінде біртұтас екеніміздің айқын белгісі екенін айтты. Расында, бұл елге деген мақтаныш пен азаматтардың бірлігін айшықтайтын көрініс. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта мемлекеттік рәміздер туралы заңға жаңа нормалар мен ережелер енгізілетінін атап өтті. Ел тұрғындары да ұлттық нышандарды әспеттеу идеясын қолдап отыр.
- Өте дұрыс нәрсе ғой. Қазағымыздың туы әрқашанда желбіреу тұруы керек қой. Мына көшелердің барлығында болу керек негізі ту деген.- Елін сүйетін, жерін сүйетін адам болса, оның қалайда бір күш пайда болуы керек қой. Сондай бір адамға рух береді.- Күннің көзі, бүркіт тұр керемет, түсі де жақсы.- Үлгі болатын жерлер көп. Жастардың жүретін жеріне, орталықтарға, театрларға кез-келген мекемелерге қоюға болады.- Мысалы басқа елдерде өз туларын биікке көтеріп жатады ғой. Бізде өз туымызды жоғары деңгейде көтеруіміз керек деп санаймын.- Жалпы біздің рәміздеріміз әлем бойынша ең әдемі раміздердің бірі деп ойланбай айтуға болады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
20.01.2026, 18:03
Жалғыз тұратын қарттардың ауласы қардан тазаланды
20.01.2026, 17:39
«Қайрат» - «Брюгге»: «Qazaqstan» телеарнасы тікелей көрсетеді
20.01.2026, 17:37
«Pekin Express» телешоуының тағы бір маусымы Қазақстанда түсірілуі мүмкін
20.01.2026, 17:30
АҚШ-та жүзден аса көлік соқтығысқан
20.01.2026, 17:27
Ресейде алаяқтар көбейіп кеткен
20.01.2026, 17:24
Салық жүйесі сервистік форматқа ауысты
20.01.2026, 17:21
МӘМС жүйесін Қаржы министрлігі қадағалайды
20.01.2026, 17:15