Басты Жаңалықтар Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген

Былтыр 913 мың адам жұмысқа кірген

Былтыр 913 мыңға тарта азамат жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ 306 мыңнан аса адам еңбекпен қамту шараларына тартылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, субсидияланатын жұмыс орындарына 172 мыңдай азамат жолданған. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына 13,5, жастар практикасымен 30,6 мың адам еңбекке тартылған. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға 100,8 мың, «Күміс жас» жобасымен 19,4 мың, «Алғашқы жұмыс орны» аясында 7,1 мыңы жұмыс тапса, «Ұрпақтар келісімшартымен» 335 адам еңбек нарығына қосылды.

Бұған қоса, жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 айлық есептік көрсеткішке дейін 9 мың 239 грант берілген. Ал, мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде 434 мың адам жұмыспен қамтылды.


Бөлісу