Мал шаруашылығын қолдау күшейді
Мал шаруашылығымен шұғылданатын шаруаларды қолдау күшейді. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал басын сатып алуға, шаруашылықты жем-шөпке қажетті техникамен жабдықтауға, сондай-ақ, жайылымдық жерді жақсартуға 5-6 пайызбен жеңілдетілген несие беру жоспарланып жатыр. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Мал шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары қаралды. Кешенді жоспарда ет өндірісін арттырып, экспорттық әлеуетті екі есеге дейін ұлғайту көзделген. Сондай-ақ шопандар мен бақташылардың 55 жасқа толғаннан кейін арнайы әлеуметтік төлемдер алу құқығын қамтамасыз ету, мамандар үшін тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17