Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Алматыға қалың қар түсіп, ауа райы күрт салқындауы мүмкін. Синоптиктер ертең ауа температурасы -7 градус болса, 17 қаңтар күні -13 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр. Қазір қалада коммуналдық қызметтердің жұмысы қызған. 1000-нан астам техника мен үш мыңға жуық маман көктайғақтың алдын алу жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ 200-ден аса құм себетін техника кезекшілікке қойылды. Синоптиктер алдағы күндері күн райы қолайсыз болатынын айтады. Сондықтан тұрғындарға жол қозғалысына сақтықпен қарауды ұсынады.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
16 қаңтар күні ауыспалы бұлтты болады, мезгіл-мезгіл қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде –5…–7 градус, күндіз –1…–3 градус болады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16