Кәсіпкерлер 1 наурызға дейін салық режимін таңдауы керек
Банктер сәуір айынан бастап мобильді аударымдар бойынша деректерді салық органдарына жолдайды. Яғни үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп адамнан жеке шотына мобильді аударым қабылдаған жеке тұлғалар назарда болады. Ал шағын және орта бизнес өкілдері 1 наурызға дейін өздеріне сәйкес келетін арнаулы салық режимін таңдауы қажет. Егер ол орындалмаса, автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу жүйесіне ауыстырылады. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, азаматтар үш түрлі салық режимін таңдай алады. Ол оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және фермерлерге арналған арнаулы салық режимі. Әр режим белгілі бір санаттағы азаматтарға арналған және өз талаптары мен артықшылықтары бар. Бүгінге дейін 450 мыңға жуық салық төлеуші тиісті режимді қабылдады.
Ерқанат Шынберген, ҚМ Мемлекеттің кірістер комитетінің арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимі бұл азаматтарға хабарлама берудің қажеті жоқ. Тек қана мобильді қосымшаны қолданып, чек беруі тиіс және де шаруа-фермер қожалықтар үшін әрекет етудің қажеті жоқ. Бұл азаматтарды автоматты түрде тиісті режиімге өткіземіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы