Зағип жандардың дамуына кедергі көп
Түркістандағы кітапханалар зағип жандардың рухани сұранысын толық өтей алмай отыр. Себебі кітап қоры ескірген, заманауи әдебиеттер мен ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Қазіргі қоғамға қажет мотивациялық, психологиялық, отбасылық әрі танымдық бағыттағы жаңа еңбектерге зағиптар қол жеткізе алмай отыр. Айнұр Әбілқасымқызы тарқатады.
Мұхамедәлі Құралбек сегіз жыл бұрын көз жанарынан айырылған. Қиындыққа мойымаған
ол бүгінде оңалту орталығында жұмыс істеп жүр. Массаж жасайды. Отыз жастағы
азамат осылай отбасын асырап отыр. Алайда рухани дамуға келгенде Мұхамедәлі
секілді жүздеген зағип жан ылғи тығырыққа тіреледі. Себебі қалада көзі көрмейтіндерге арналған
арнайы кітапхана жоқ.
Мұхамедәлі Құралбек, І топтағы мүгедек:
Қазір кітап оқиын десек, барлығы кириллицамен жазылған. Қазіргідей емес Біз өзіміз оқиын десек, қолжетімсіз. Қазір небір жақсы кітаптар шығып жатыр ғой, мотивация беретін, отбасыға қатысты мәні бар, мағынасы бар, бала-шағаға оқып беруге жақсы кітаптар бар. Сол қолжетімсіз болып жатыр.
Бұл мәселенің күрмеуі қиын екенін кітапхана қызметкерлері де жоққа шығармайды.
Айтуларынша, 250-ге жуық зағип жан оқырман ретінде тіркелген. Алайда қордағы
әдебиеттер олардың сұранысын толық өтей алмай отыр.
Ержан Ибрагимов, кітапхана меңгерушісі:
Нүкте шрифтімен жазылған кітаптар шығарылып жатқан жоқ. Тек қана кішкентай-кішкентай кішігірім журнал есебінде шығарылып жатқандар бар. Сымбат, Ғажайып әлем сондай кішігірім шығарылып жатыр. Ал үлкен кітаптар, маңызды кітаптар ауқымды кітаптарды шығару үшін оған үлкен типография керек. Сол типография ашылмайынша, кітап қоры көбеймейді.
Көз жанарынан айырылған ересектер мен зағип балалар үшін Брайль қарпін меңгеру
– білімге апарар жалғыз жол. Осы бағытта Нилуфар Бабаханова бірнеше жылдан бері
тынымсыз еңбек етіп келеді. Бүгінде ол бес адамды Брайль қарпімен толық
оқып-жазуға үйреткен. Дегенмен маманның айтуынша, арнайы кітапхананың жоқтығы
оқыту үдерісін тежеп отыр. Түркістанда қажетті инфрақұрылым қарастырылмаған. Ал
Брайль қарпімен жазылған кітаптарды алу үшін Шымкентке сабылуға тура келеді.
Нилуфар Бабаханова, оқытушы:
Арнайы кітапхананың өзінің арнайы студиясы болады. Сол зағиптардың сұранысы бойынша кітаптарды оқып беретін арнайы мамандары керек. Және де типографиясы болуы керек ішінде, өйткені Шымкенттегілер бізге алыс. Бір-екі кітап үшін барып келмейді ешкім.
Зағип жандардың оқытатын арнайы оқу орындары да тапшы. Кәсіп меңгеріп, өз күнін
өзі көргісі келетін жандар үшін мүмкіндік аз. Көпшілігі амалсыздан Алматы
секілді ірі қалаларға баруға мәжбүр.
Зәуре Әйтек, Түркістан облыстық зағиптар қоғамдық бірлестігінің басшысы:
Зағиптарды оқытатын білім ошағы керек. Медициналық колледж керек бізге. Мақұл, бізге дәу колледж ашып бермей-ақ қойсын. Колледждің ішінен бізге группа ашсын. Екі жыл болды айтып жатырмыз.
Қазір өңірде көру
қабілетінен айырылған 1500-ге жуық азамат бар. Олардың 200-ден астамы облыс
орталығында тұрады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балалар спортына бөлінетін қаржы көлемі көбейеді
02.03.2026, 20:58
Роботтар неміс делегациясына шоу көрсетті
02.03.2026, 20:57
«Таза Қазақстан» экоакциясы жалғасып жатыр
02.03.2026, 20:38
Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғамның кепілі
02.03.2026, 20:18
Президент жаңа Конституция жобасының мәтінімен жеке өзі жұмыс істеген
02.03.2026, 20:16
Жаңа Конституция жобасы - халықтық құжат
02.03.2026, 20:13
Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі толық шешілді
02.03.2026, 20:11
Жаңа Конституция жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді
02.03.2026, 20:10