Мәскеу қарға көмілді
Ресейде «Фрэнсис» циклонынан зардап шеккен өңірлердің саны артты. Кеше Мәскеуде 146 жылдағы ең қатты дауыл соғып, көлік қозғалысы қиындады. Оқушылар онлайн оқуға көшті. Мамандар циклон әсері бір аптаға жететінін айтады. Қазірдің өзінде Ресей астанасындағы қардың қалыңдығы 1 метрге жетті. Сонымен қатар, онға жуық өңірде ауа температурасы -50 градусқа дейін төмендеген. Елде мигрант саны азайғандықтан, қар күрейтін адам жоқ, ірі мегаполистер қалың қардың астында қалды. Енді қар жиналмаса, коммуналдық компанияларға 300 мың рубль айыппұл салынбақ.
Александр Чувалов, «Метео» болжау
орталығының басшысы:
Тек Мәскеу емес, қалың қардан орталық, орталық шығыс Ресей зардап шегуде. Тіпті қаңтардың ортасына дейін Нижний Новгород қаласына бір айда жауатын қар бір-ақ түсті. Биылғы қыс ерекше суық болады. Келер аптада Балқан түбегінен тағы бір циклон күтілуде. Аймақтарда осы қыста ауа температурасы -70 градусқа дейін барады.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАлматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25
Тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның қандай жетістіктерін мақтан тұтады?
13.11.2026, 17:23
Қызылорда облысында тағы екі ауылға газ қосты
13.11.2026, 17:22
Жолдауда экономикалық даму бағыттар айқындалған
13.11.2026, 17:20
PROD халықаралық олимпиадасына іріктеу басталды
13.11.2026, 17:18
Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық тірегі
13.11.2026, 17:17