Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
Кейінгі кезде жиһаз жасатпақ болып, жер сипап қалғандар көбейген. Мәселен, былтыр Астанада 30-ға жуық адамды алдаған әккілер ұсталып, сотталды. Жалпы, жиһаз жасатар алдында нені ескеру керек? Заңгер ауызша жасалған келісімнің өзінде сот арқылы қаржыны қайтарып алуға болатынын айтады.
Екінші топ мүгедектігі бар Дәулет Жансейітов екі жыл бұрын азды-көпті қаржысын жиып, жиһаз жаңартпақ болғанын айтады. Интернеттегі жарнамаға сенген азамат шеберді шақырып, тапсырыс береді. Қос тарап ауызша келісіп, Дәулет алдын ала төлем жасап тастайды.
Дәулет Жансейітов, қала тұрғыны:
Олар келгеннен кейін 1 млн 800 мың деді ас үй жиһазы. Сосын 70 пайыз ақысын сразу төлеу керек деді. Сосын мен 1 млн 236 мың теңгені олардың шоттарына жібердім. Бір айда орнатып береміз деді.Кейін тапсырысты қабылдаған тараппен байланыс қиындайды. Сөйтсе, Дәулет секілді алданғандар аз емес екен. Бас-аяғы 30-ға жуық тұрғын әккілердің арбауына түсіп, соның 11-і құзырлы органға шағымданған. Жәбірленушілердің ең азы 445 мың теңге, ең көбі 1 млн 900 000 мың теңгеге алданғаны анықталған.
Айыпталушылар алдау жолымен, шынайы мүмкіндігі мен ниеті болмағанына қарамастан, зардап шеккендерге жиһаз дайындап, жеткізетіндерін уәде етіп, олардың ақшалай қаражатын иемденген. Жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған кезде, олар өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға нақты мүмкіндігі болмаған. Алған ақшаны теңдей бөліп, оны өз қалауларына сай пайдаланған.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Сот үкімімен кінәлілер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ, жәбірленушілердің материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талаптары да қанағаттандырылды. Алайда, жәбірленуші тарап ақшасын әлі қайтарып алмаған. Ал белгілі заңгер Жандос Тұяқов тапсырыс берерде сауатты болу қажет дейді.
Жандос Тұяқов, заңгер:
Көп азаматтар келісімшартты оқымай жатады. Яғни, жиһаздың техникалық мінездемелері, міндетті түрде болуы керек. Егерде ауызша келісім арқылы ақшаны алып, ешнәрсе жасамай кетсе, жазбаша келісім болмаған күннің өзінде ол өзінің ақшасын сот арқылы қайтарып алуға құқылы.Дегенмен, сот арқылы да өндіріп алу оңай емес. Себебі сотталушының қаржыны қайтаратын қауқары жоқ. Сондықтан мамандар ақшаны санап бермес бұрын жиһаз жасаушылардың жұмыс орнын, материалдық мүмкіндігіне көз жеткізуге кеңес береді.
Автор
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18
Суперкомпьютер академиктің апталап шығаратын есебін 3 сағатта шешті
13.01.2026, 20:16