Түркістан облысындағы экотуризмге инвестор қажет
Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында әлем елдері туристерді тарту үшін жеке инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғандығын атап өтті. Біздің елде де көрікті жерлер өте көп. Сондықтан экотуризмге көңіл бөліп, дамыту керектігін жеткізді. Десе де Түркістан облысында табиғаты тамаша жерлерге туристер тарту, ондағы қызмет сапасын жақсарту жағы кемшін түсіп тұр. Саяхаттаушыларға көрсетілетін қызмет бағасын қадағалап жатқан ешкім жоқ. Қауіпсіздігі де ескерілмейді.
Төле би ауданындағы «Таусамалы» демалыс аймағында бүгінде оңтүстік жұртшылығынан бөлек еліміздің түкпір түкпірінен келуші қонақтар көп. Барлығы да тұмса табиғатты тамашалап, таудың таза ауасымен тыныстап кеткісі келеді. Мұнда ең бастысы аспалы жол бар. Сол арқылы таудың басына көтеріліп, серуендеп қайтуға болады. Десе де базбір саяхаттаушылар биылғы қардың аз түсуі, кейбір көрсетілетін қызметтің сапасы мен бағасына көңілі толмайды.
Индира Жүсіпова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Тау ғой основной, канатная дорога. Шаңғымен сырғанағым келеді. Бүгін енді шаңғымен сырғанайын деп келіп едім, қар жоқ екен. Сосын тамақ жағы дұрыс қарастырылмаған екен. Жаңадан тамақ жағын ұйымдастырса, сервистар қосса. Ойындар алаңын қосса деп ойлаймын.
Света Ақсақалқызы, Қызылорда облысының тұрғыны:
Кіре берістен входқа деп жатыр да 5 мың теңге. Бес мың теңге ол көп деп ойлаймын. Қойсын бір 500 теңге вход халыққа. Мысалы бала шағасымен келіп жатыр. Сосын тағы ұнамағаны мотоцикл. Бір жүз метр жүрдік па, жүрмедік па, ақшаны олар да 1500 теңгеден адам басына алып жатыр. 500 теңгеден алса да адам басына тақияларына тар келмейді негізі.
Ал Төңкеріс ауылындағы сырғанақ алаңы қазір облыс тұрғындары мен қонақтарының ең көп баратын жеріне айналған. Демалыс күндері бұл жерде мыңнан аса адам жиналып, сырғанақ теуіп кетеді. Атпен серуендейді. Оны пайдаланған ауыл тұрғындары тамақ пісіріп сатып, шаналар мен балондарды жалға беріп табыс табады. Бірақ сырғанақ алаңын реттеп, тазалығын қадағалап жатқан адам жоқ. Қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған. Түсірілім кезінде сырғанап, жарақат алған әйелді жедел жәрдем алып кетті.
Құралбек Қыдырбек, Шымкент тұрғыны:
Ең қысқа айтылатын нәрсе әжетханасы жоқ. Одан кейін жеке адамдар қойған әжетхана деп, оны әжетхана деп айтуға болмайды. 100 теңгеден дейді. Екіншіден тамақтарының істегені санитарлық талаптарға сай емес екені көзге көрініп тұр. Адамдар сырғанап жатқан жерде квадроциклмен жүр, атпен жүр. Ол деген балалардың қауіпсіздігі қаралмаған.
Сала мамандары эко туризмді дамытуға инвесторлар керектігін айтады.
Туристік нысандарға барар жолды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанымен,
оны дамытуға қыруар қаржы керек. Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға
инфрақұрылым салуға шектеулер көп. Бұл ірі туристік жобаларды жүзеге асыруға
кедергіі. Ал әзірге бар нысандарда қызмет сапасын жақсарту, бағаларды реттеу мәселесін
кәсіпкерлермен бірлесіп шешілмек.
Ботагөз Мәуленова, Түркістан облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы:
Басқарма тарапынан, әкімдік тарапынан тиісті органдардың өкілдерін қоса отырып, жұмысшы топ құрып, кәсіпкерлерге адам қауіпсіздігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, одан кейін жарнамалық роликтерді шығарамыз деген жұмыс бар.
Айта кетейік, өткен жылы өңірдің табиғи аумақтарын тамашалауға 174 мыңнан астам адам саяхаттап келген. Бүгінде шетелдік туристерді тарту үшін тиісті жұмыстар бар. Яғни биылғы жылы 7 млрд теңгені құрайтын 8 жобаны жүзеге асыру көзделуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы