Алматыдағы алғашқы крематорий әлі жұмыс істемейді
Осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілуі керек болған еліміздегі алғашқы крематорий әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр. Жауаптылардың мәліметінше, құны шамамен 1,5 миллиард теңге болатын нысан қажет жарағымен жабдықталған. Алайда ғимараттың іске қосылуы түрлі себептермен бірнеше рет кейінге шегерілді. Әуелі құрылыс жұмыстары созылды. Кейін нысанды қай мемлекеттік органның балансына беру мәселесі ұзақ уақыт бойы шешілмеді. Былтыр қалалық патологиялық-анатомиялық бюроның балансына өткенімен, нысан әлі де қолданысқа берілген жоқ. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Әділет министрлігінде жерлеу мен қабірлерді күтіп-ұстау ісіне қатысты өзгерістер тіркеліп, крематорий сол заң аясында іске қосылады. Қазір нысанды пайдалануға беру бойынша тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Ләйлә Иманғалиева, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласының крематориі жұмысын бастайды және санитарлық және құқықтық талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Алматы қалалық патологиялық-анатомиялық бюросының бақылау кеңесі арқылы кремация қызметтеріне прайс-парақты бекіту рәсімі жалғасуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы