Қазақстан Еуразияның көлік-логистика хабына айналады
Елімізде көлік-логистика саласын дамыту – стратегиялық міндет. Мемлекет басшысы өз сұхбатында Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік айлағы ретінде қалыптастыруды басты бағыт деп атады. Елімізде 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салынып, 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді. Көлік-логистика тораптары жаңғыртылып, порттар, әуежайлар мен вокзалдар жаңартылады. Сондай-ақ тиімді цифрлық экожүйе қалыптастырылады. Экономист-сарапшы Мақсат Халық, бұл бастама еліміздің экономикалық әлеуетін күшейтетініне сенімді.
Мақсат Халық, экономист:
Бұл өңірде қалааралық байланыстарды күшейтеді. Неғұрлым бізде байланыс жақсарған сайын, соғұрлым тауардың айналым үдерістері де, жылдамдығы да артады. Және бұрын-соңды салынбаған жолдар жақындай түседі. Бұл да белгілі бір дәрежеде экономикалық-іскерлік белсенділіктің жандануына өзінің оң ықпалын тигізеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16